APEC Training Center – Батыс Қазақстандағы мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және басқа да салалар үшін барлық деңгейдегі жоғары білікті жұмысшыларды даярлайтын жетекші инновациялық оқу орталығы.
APEC Training Center халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі бар және өзін қазақстандық адами капиталды дамытуға бағытталған жергілікті мамандарға арналған халықаралық сертификаттау орталығы ретінде көрсетеді.
APEC Training Center техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына қолдау көрсетіп, NCCER, ECITB және т. б. жетекші шетелдік компаниялардың стандарттары бойынша халықаралық салалық аккредитацияларды алуға көмектеседі.
Колледждің оқу процесіне халықаралық салалық аккредиттеуді енгізу оларға нарыққа сенімді аккредиттелген оқыту бағдарламаларын ұсынуға, ал түлектерге білім туралы дипломнан басқа халықаралық деңгейде танылған сертификатқа ие болуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оның одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін едәуір арттырады.
APEC Training Center аккредиттеу процесінде:
Объектіні қарау және қажетті құжаттарды жинау мақсатында инспекциялық аудит жүргізу;
оқу орталықтары мен ұйымдарыдың аккредиттеуді алу процесінде өтініш беру және ұйымдастыру.